7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: түрлi
ақпараттармен халықтың қажеттілігiн мейлiнше толық қанағаттандыру,
халықтың ақпараттану деңгейiн, құқықтық және саяси мәдениетiн көтеру,
қоғамдық топтасу мен ішкі саяси тұрақтылықты нығайту; баспа бұқаралық
ақпарат құралдарында позитивтi материалдарды ұлғайту, әлемдiк
қауымдастықта елдiң позитивтi беделiн қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 470-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 470-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2003 жылға арналған "Телерадио хабарлары арқылы мемлекеттік
ақпараттық саясатты жүргiзу" 032 республикалық
бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4292005 теңге (төрт миллиард екi жүз тоқсан екi миллион бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы; "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Тiлдердi қолдану және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 450 қаулысы; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының қызметiн тәуелсiз және кедергiсiз жүргiзудiң халықаралық-құқықтық кепiлдiгi туралы қатысушы-мемлекеттер Келісімiнiң ратификациясы туралы" 1995 жылғы 4 қыркүйектегi № 2452 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Телерадио хабарларын таратудың Ұлттық спутниктiк жүйесi және мәлiметтердi беру туралы" 1996 жылғы 4 қазандағы № 1234 қаулысы; Тәуелсiз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер басшыларының "Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясын құру туралы" 1992 жылғы 9 қазандағы шешiмi; Тәуелсiз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер Үкiметтерiнiң "Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының мәселелерi туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы шешiмi; қатысушы мемлекеттердiң "Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының қызметiн тәуелсiз және кедергiсiз жүргiзудiң халықаралық-құқықтық кепiлдiгi туралы" 1993 жылғы 24 желтоқсандағы Келісімi.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: аудиторияның жоғары сапалы теледидар және радио бағдарламаларға деген сұранысын қанағаттандыру (ақпараттық, талдау, білім беретiн, танымдық, мәдени, көңiл көтеретiн және басқа мемлекеттік тiлде жоғары сапалы ақпараттық өнiмдер өндiрудi қамтамасыз ету; жұртшылықтың салық және кеден заңнамаларымен хабарлануын арттыру. Қазақстанның ақпараттық егемендiгiн, елiмiздiң телекоммуникациялық инфрақұрылымын қатар дамыту және қазiргi заманғы әлемдiк технологияларды тартуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн байланыстың спутниктiк каналдары негiзiнде транспондердi жалға алу арқылы телерадио бағдарламаларын таратудың қазiргi заманғы жүйесiн құру. Тәуелсiз мемлекеттер достастығының ортақ ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру (бұдан әрi - ТМД), ТМД-нiң ақпараттық кеңiстiгiнде Қазақстан Республикасының оң бейнесiн қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: телевизияның ұлттық спутниктiк жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету (ТҰСЖ) - "Хабар", "Ел арна", "Қазақстан" Ұлттық телеарнасы, "Бiрiншi арна - Евразия", тәуелсiз электронды БАҚ-тар және Қазақ радиосы телерадиоарналарына мемлекеттік тапсырыс бағдарламаларының тоқтаусыз таратылуы; республиканың гүлденуi мен нақты егемендiкке қол жеткізуiне, әлеуметтiк серiктестiк принциптеріндегі ұлтаралық келісімнiң әлеуметтiк бейбiтшiлiгiн қолдауға бағытталған теле және радио бағдарламаларын шығару және тарату; елiмiзде және әлемде болып жатқан негiзгi оқиғалар туралы тұтынушыға жедел, анық ақпарат жеткізу; мемлекеттік тілде жоғары сапалы теле және радио бағдарламаларды өндiру; электрондық БАҚ-тарда мемлекеттік тiлдi қолдану мен дамытуды қолдау; заңның орындалуына елiмiздiң теле және радио компанияларының ықпал етуi; саланы қаржыландыру үшiн қолайлы жағдай жасау және тиiмдi өндiрiстiк-техникалық база жасау; телекөрермендер мен радиотыңдаушылардың басқа елдер, оның iшiнде ТМД халықтарының өмiрi туралы рухани қажеттіліктерiн қанағаттандыру, ТМД және әлем халықтарының өзара түсiнiстiгi және жақындасуы, Қазақстан және ТМД елдерi телерадиокомпанияларының Қазақстан туралы теле және радио бағдарламалар дайындауы, ТМД елдерiнде болып жатқан маңызды оқиғалар туралы күнделiктi сюжеттерге деген рухани сұранысын қанағаттандыру үшiн iшкi ақпараттық кеңiстiк қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған теле және радио бағдарламаларды өндiру және тарату.
6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
жұртшылықтың әр түрлi ақпаратқа деген сұранысын барынша қанағаттандыру,
жұртшылықты ақпараттандыру, оның құқықтық және саяси мәдениетiн, қоғамды
нығайту және iшкiсаяси тұрақтылықты бекіту, елiмiздiң ақпараттық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету деңгейiн көтеру. Теледидар мен радио
бағдарламаларының шығармашылық және техникалық сапасын көтеру,
"Қазақстан", "Қазақ радиосы", "Хабар" және "ЕЛ арна" телерадио арналарының
бағдарламаларын барынша толық қабылдауды қамтамасыз ету, жұртшылықтың
теледидар мен радионың мемлекеттік тiлдегi (ақпараттық, талдау, білім
беру, танымдық, культурологиялық, көңiл көтеру және бас басқа да)
бағдарламаларына деген сұранысын барынша қанағаттандыру; мемлекеттік
тiлдiң электрондық БАҚ-тарда қолдану аясын кеңейту, елiмiздiң теле- және
радиокомпанияларының заңнамаларды орындау деңгейiн көтеру; жұртшылықтың
салық және кеден заңнамалары туралы хабарлану деңгейiн көтеру.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 471-қосымша
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2003 жылға арналған 033 "Әдебиеттiң әлеуметтiк маңызды түрлерi
бойынша баспа бағдарламаларын қалыптастыру" республикалық бюджеттік
бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 250 000 мың теңге (екi жүз елу миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгі даму Стратегиясын жүзеге асыру жөнiндегі iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 28 қаңтардағы № 3834 Жарлығы; "Мерейтойлар мен атаулы күндердi мерекелеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 қаулысы; "2002-2004 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мерейтойлық iс-шараларға арналған жыл сайынғы қаулылары.